Созақ: су тасқынының алдын алу жұмыстары жүруде

0

Қазіргі таңда Шу өзені суының жылдағы мерзімінен ерте әрі көп мөлшерде келетіндігі анықталып отыр. Бұл бойынша аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Шу өзені бойында орналасқан ауылдарды су басу қауіпінің алдын алу шараларын ұйымдастыру мақсатында арнайы жиын өткізді. Қауіпсіздік шараларын осы сәттен қолға алу мақсатында салалық орынбасары мен жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Бүгінде аудан басшысының тапсырмасына сәйкес, Жуантөбе ауылының аумағындағы Шу өзені арнасы жүретін солтүстік бетіндегі ескі бөгеттер қайта жаңартылып, қалыпқа келтіру жұмыстары қарқынды түрде іске асырылуда. Аудандық коммуналдық мекемелер мен аудан аумағындағы өндіріс орындарынан шынжыр табанды бульдозер, погрузщик, экскаватор сынды 13 дана ауыр техникалар жұмылдырылды.

Жуантөбе ауылына арнайы барған аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов жұмыс барысын бақылауына алды. Жергілікті тұрғындармен тілдесіп, қосымша атқарылу керек шараларды бірлесе талқылады.


ПІКІР ЖАЗУ