Бәйдібек: аудан әкімі бірқатар нысандардың кемшіліктері бойынша қатаң ескерту жасады

0

Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов Байдібек ата елді мекеніндегі «Орталық саябақтың» құрылыс жұмыстарын тексеріп, құрылыс барысында орын алған бірқатар кемшіліктер бойынша мердігер мекеменің басшысына ескерту жасап, салаға жауапты аудан әкімінің орынбасарына жұмыстың сапасын қадағалауды және белгіленген мерзімдерге сәйкес сапалы аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар, аудан басшысы Жарықбас елді мекеніндегі ауыз су ұңғымасының жұмысын бақылап, оның іске қосылуы мен су жеткізу жүйесінің сапасын тексерді. Ауыз суға жауапты мекемеге ұңғыманың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және халыққа сапалы ауыз су беру үшін қажетті шараларды дер кезінде қабылдауды тапсырды.

Қазіргі кезде ауыз судың сынмамасы алынып, тазарту жұмыстары жүргізілуде. Лабараториялық сарапатамадан ішуге жарамды деген қорытынды берілген.

Аталған жобаның аяқталуы ауыл халқының тіршілігін жақсартуға оң әсер ететіні белгілі.


ПІКІР ЖАЗУ