Түлкібас: Састөбе саябағын демеушілер есебінен жандандыру мәселесі қаралды
Бүгін аудан әкімі Аскар Естибаев ауданымыздың батыс бөлігінде орын тепкен Састөбе кентінде болып, ол жерде тұрғындардың өтініші негізінде көтерілген біршама мәселелерді жауаптылармен зерделеді.
Сегіз мыңнан астам тұрғыны бар кент орталығындағы саябаққа табан тіреп, көпшілік орынның қазіргі жағдайын бақылады. Жалпы аумағы 8 гектарды құрайтын демалыс аймағын демеушілер есебінен ағымдағы жылдың көктем мезгіліне дейін абаттандыру жағы пысықталып, ондағы көкжелекті тиісті меке тарапынан ретке келтіру бойынша жауапты бөлім басшысына нақты тапсырмалар берілді.
Келесі кезекте, аудан әкімі кент аумағын ауыз сумен қамтып отырған нысанда болып, ол жерде жауаптылармен тұрғындарға үздіксіз сапалы ауыз су берілу мәселесін талқылады. Елді мекендегі 1409 абонентті сумен қамтып отырған нысанды талапқа сай ету, қажеттілік туындаған жағдайда істен шыққан су мұнараларын іске қосу және қосымша мұнара орнату жағы ескерілді.
Сонымен қоса, Асқар Сұлтанұлы тиісті мекеме басшыларымен бірге кент орталығындағы тұрғындар тарапынан талапқа сай ету бойынша өтініштері түскен балалар ойын алаңшасының басында болып, тиісті құжаттарда көрсетілген міндеттемелердің орындалуы бойынша кент әкіміне нақты тапсырмалар жүктеді.