Ордабасы: жобалардың іске асуы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен мүмкіндік береді

0

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев Бадам ауылындағы индустриялды аймағында жүргізілген инфрақұрылым желілерінің қәзіргі жағдайы, іске асырылған және іске асырылудағы жобалардың мәселелері бойынша жиналыс өткізді.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының халыққа жасаған жолдауында кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдайтындығын, мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән беретіндігін атап айтты.

Сіздердің жобаларыңыздың іске қосылуы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, бәсекелестік ортаның қалыптасуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жеке инвестиция көлемінің артуына, аудан бюджетінің кіріс көзінің ұлғаюына,  өнеркәсіп саласындағы өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемінің артуына үлкен мүмкіндік береді.

Аудан әкімдігі тарапынан әкімшілік кедергілерінің орын алуына жол бермеу, рұқсат беру құжаттарының рәсімдеу, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер мен қолдау тетіктерін дер кезінде ақпараттандыру және оны пайдалануда жобаларға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізу басты мақсатымыз.

Жиналыс соңында аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы  әрбір кәсіпорын арнайы  төлқұжатын әзірлеп ілу, ауыз су жүйесіндегі ахауларды қалпына келтіру, интернет желісіне қосылу бойынша тиісті компаниялармен келісім шартқа тұру, жұмыстарын ұйымдастыру, сенімгерлік басқаруға  беру бойынша заң аясында 2025 жылдың 15 ақпанға дейін жұмыстарды қысқа мерзімде аяқтау туралы тапсырмалар берді.

Сондай-ақ аудан басшысы жиналыстан соң «Central Asia Аluminum» ЖШС, «AMG Park» ЖШС, ЖШС “Bereke Kaz-Engineering” зауыттарының құрылысын және «Александровский сад» ЖШС-нің көкөніс сақтау қоймасының жұмыстарын аралап көрді.


ПІКІР ЖАЗУ