Сайрам ауданында негізгі экономикалық көрсеткіштердің өсімі сақталды

0

Сайрам ауданың әкімі Арман Сәбитовтың төрағалығымен кеңейтілген аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары мен мекеме басшылары қатысты.

Жиын барысында өткен жылдың қорытындысы және ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстар туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Айтекееваның баяндамасы тыңдалды. Күн тәртібіне қойылған мәселеге сәйкес алдымен бөлім басшысы ауданның әлеуметтік экономикалық дамуы туралы баяндап, 2024 жылы атқарылған жұмыстармен таныстырды. Сондай-ақ, алдағы міндеттерге жеке-жеке тоқталып, аудан әкімі тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді тыңдады.

– 2024 жылдың қорытындысымен ауданның негізгі көрсеткіштері бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі 312,1 млрд.теңгеге орындалды. Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айында негізгі экономикалық көрсеткіштердің өсімі сақталды. Облыс көлемінде аудандар бойынша рейтинг әзірленіп, 2024 жылдың қорытындысымен аудан 1 — орынға шықты. Меморандум көрсеткіштердің ауылдық округтер кесіндісінде ай сайын орындалуына мониторинг жүргізілді, осы көрсеткіштер бойынша  жыл қорытындысымен ауылдық округтердің рейтингісі әзірленді. Ауданның даму көрсеткіштерінің өсімін қамтамасыз ету және межеленген көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жыл бойында тиісті салалық бөлімдермен бірге көрсеткіштердің статистикалық деректерде есепке алынуын қамтамасыз ете отырып, статистика органымен жұмыс істелді, — деді аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Айтекеева.

Бөлім басшысы өз баяндамасында ауданда өткен жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесі мен алдағы жоспарлар туралы кеңінен баяндады. Негізгі индикаторлар мен экономиканы алға сүйрейтін салалар сарапталып, терең талданды.  Өз кезегінде аудан басшысы экономикалық белсенді халық санын арттырып, жұмыссыздық мәселесін шешу ауыл әкімдеріне қойылған басты міндет екенін атап өтті. Осыған орай жаппай кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарына басымдық беру керектігін айтып, жыл аяғына дейін жұмыссыздық деңгейін төмендету күн тәртібінен түспейтінін жеткізді.

Сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерің сапасы мен мерзіміне баса назар аудару қажеттігілігі, әрбір азаматтың өтініш, пікірі ескерусіз қалмауы тиіс екенін баса айтты.   Жиналыс қорытындысында бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне бірқатар нақты тапсырмалар берілді.


ПІКІР ЖАЗУ