Сайрам: даму аумағының схемалары әзірленуде

0

Сайрам ауданының даму аумағы және елді мекендердің бас жоспарлары схемаларын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы Алаш, Ақарыс, Әсіларық, Бәйтерек, Қарасу, Құтарыс және  Қарабұлақ ауылдарының бас жоспары жасақталып, топотүсірілімдер бекітілді.

Қазіргі таңда тиісті мекемелерден келісімдер алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитовтың төрағалығымен өткен жиында аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімінің басшысы Алибжан Ибрагимов атап өтті.

Жиын барысында бөлім басшысы өткен жылы аудан аумағында іске асқан сәулет және қала құрылысы саласындағы тірліктер мен  әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша есеп берді. Сонымен қатар, ағымдағы атақарылатын жобалармен таныстырды.

– Биыл аудан аумағындағы 5 ауылдың, яғни Жібек жолы, Ақбастау,  Таскешу, Шіркін және Ынтымақ ауылдарының оңтайландырылған бас жоспарларының мерзімі келуіне байланысты толықтырулар мен өзгерістер енгізу жоспарлануда. Әзірленген жобалар  аудандық мәслихатпен  бекітілетін болады, — деді бөлім басшысы.

Аудан аумағында өткен жылы 73 250 шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға берілген. Жалпы ауданында халықты баспанамен қамту, арендалық тұрғын үй сатып алу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Маңызды мәселе аудан әкімі Арман Сәбитовтің қатаң бақылауында. Бүгінде Әйтеке би ауылында 1 гектар аумақта жеке инвестор есебінен 2 қабатты 3 дана арендалық тұрғын үйлер салынып жатыр. Аталған құрылыс нысанда 80 пәтер аудандағы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға үлестірілетін болады.

Сонымен қатар, биыл «Барыс Құрылыс» ЖШС-і тарапынан Ақбастау ауылынан жалпы 2 қабатты 3 дана арендалық тұрғын үйдің құрылысы жүргізілмек. Аталған жоба «Тұрғын үй-моммуналдық инфрақұрылымды дамыту 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жүзеге асады.


ПІКІР ЖАЗУ