Биыл мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады

0

Биыл мамыр айында Қазақстан халқын көптеген мереке мен демалыс күндері күтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамыр айында қандай мемлекеттік мерекелер бар?

Мамыр айында Қазақстан үш маңызды мемлекеттік мерекені атап өтеді:

  • 1 мамыр (бейсенбі) – Қазақстан халқының бірлігі күні;
    7 мамыр (сәрсенбі) – Отан қорғаушы күні;
    9 мамыр (жұма) – Жеңіс күні.

Бұл күндердің барлығы ресми демалыс күндері болып табылады. Сондықтан әдеттегі сенбі-жексенбіге қосымша бірнеше демалыс күндері қосылады.

2025 жылы 1 мамырда қазақстандықтар қалай демалады?

Бес күндік жұмыс аптасы барлар үшін:

  • 1 мамыр (бейсенбі) – демалыс;
    2 мамыр (жұма) – жұмыс күні;
    3-4 мамыр (сенбі-жексенбі) – демалыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін:

  • 1 мамыр – демалыс;
    2 және 3 мамыр – жұмыс күндері;
    4 мамыр – демалыс.

Биылғы 7 және 9 мамырда қалай демаламыз?

Мамыр айының екінші аптасында бірден екі мереке бар.

Бес күндік жұмыс аптасы барлар үшін:

  • 7 мамыр (сәрсенбі) – демалыс;
    9 мамыр (жұма) – демалыс;
    10-11 мамыр (сенбі-жексенбі) – демалыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін:

  • 7 мамыр – демалыс;
    9 мамыр – демалыс;
    10 мамыр (сенбі) – жұмыс күні;
    11 мамыр (жексенбі) – демалыс.

2025 жылдың мамырында қазақстандықтар жалпы қанша күн демалады?

  • Бес күндік жұмыс аптасы барлар үшін – мамырда 12 демалыс күні болады (мерекелерді қоса алғанда), ал жұмыс күндерінің саны – 19.
    • Алты күндік жұмыс аптасы барлар үшін – 8 демалыс күні, жұмыс күндерінің саны – 23.

ПІКІР ЖАЗУ