Атырау облысында туризмді дамытып, асыл тұқымды мал басын көбейтіп отыр

0

 Атырау облысы, Құрманғазы ауданында туризм саласы дамып келеді. Қазір онда 6 туристік объекті жұмыс істеп тұр. Кәсіп ашуды көздеген тағы 13 азаматқа жер телімі беріліпті. Сұлу табиғатты көруге келетін саяхатшылар қатары да әлдеқайда артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жайқалған жасыл желегімен, тұмса табиғатымен, әдемі лотосымен танымал Құрманғазы ауданына 2023 жылы 4385 азамат пен 728 шетелдік келіпті. 2024 жылы бұл көрсеткіш әлдеқайда артқан. Сол себепті жергілікті биліктегілер туризмді дамытуға ден қойған. Бүгінде ауданда 6 туристік орын болса, осы сала арқылы бизнесімді дөңгелетем дегендер де артып келеді. Мәселен, сол мақсатта 13 азаматқа жер телімдері беріліпті. Ол аумақта жүргізіліп жатқан жұмыстарға ай сайын мониторинг жүргізіледі. 

Ауданда балық шаруашылығы да бір ізге қойылған. 2024 жылдың 1 шілдесінен 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін жаңа балық аулау лимиті 7426 тонна болып бекітілді. Бұйрыққа сәйкес барлық балық шаруашылығы субъектілері өз жұмыстарына кірісіп, есепті мерзімде 2365 тонна балық аулады. Аудан бойынша күзгі балық аулау науқанында тұрақты 666 адам, уақытша 222 адам қызмет атқаруда. Балық аулауға 23966 вентер, 8045 дана сетке, 21 ау құралдары, 585 қайық қолданылуда, 9 жерде ау тартымы бөлініп беріліп, 177 қайық звенолары,10 тартым бригасы жұмыс жасады. Науқан кезінде 18 теплоход, 18 мотокатер, 40 балық құятын рыбница, 3 нефтянка, 71 көмекші қайық жұмыс істеді. Сондай-ақ, 32 тоңазытқыш, 26 мұздатқыш цех, балық кептіретін 8 цех, суда жүзетін балық қатыратын арнайы 1 тоңазытқыш, балық таситын 36 рыбница, балық қабылдайтын 12 пункт, жылжымалы балық қабылдағыш 13 прорез, цехтарда балық қатыратын 24 дана тоңазытқыш, балықтарды салқындатып сақтайтын 17 арнайы қойма, балық кептіруге арналған 15 қондырғы, балық тұздайтын 251 ыдыс, суда жүзетін балықшылар тұруға арналған жатын 104 тұрғын үй қолданылды.

Ауданда балықтардың тұншығуына қауіпті болып саналатын 125 су айдындары, каналдар, өзектер, жыралар мен сайлардағы су деңгейлері толық бақылауға алынып, табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген жерлердегі өзектерде балық шабақтардың қырылуының алдын алу үшін белгіленген шаралар жүзеге асырылып, шамамен 55,8 млн балық және оның шабақтары құтқарылды. Одан өзге айтатын болсақ, аудан экономикасының дамуының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы болып табылады. 2024 жылы өндірілген жалпы өнім көлемі 23998,0 млн теңгені құрап, 103%-ға орындалды. 2024 жылы өндірілген малшаруашылығы өнім көлемі 15 802,1 млн теңгені құрап 104%-ға орындалды. Есепті кезеңде 11580,5 тонна ет, 8200,1 тонна сүт, 129,6 мың дана жұмыртқа өндіріліп, мүйізді ірі қара – 84 398; қой,ешкі – 173 949; жылқы – 41 315; түйе – 5 133 басқа жеткізілді. Өткен жылмен салыстырғанда төрт түлік мал басында өсім бар, — дейді Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлыбек Төлепов. 

Ауданда 13 ауыл шаруашылығы құрылымы асыл тұқымды мал басын өсіріп жатыр. Оның ішінде 4 ауыл шаруашылығы құрылымында барлығы 18 738 бас асыл тұқымды Еділбай қойы, «Құрманғазы» ӨК-де 282 бас асыл тұқымды түйе малы және 12 шаруа қожалығында 2782 бас мүйізді ірі қара малдары бағылуда. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес, есепті кезеңде барлығы 91 шаруа қожалыққа 82,7 млн. тенге субсидия төленіпті. 

Оның ішінде:

— сатып алынған 99 бас асыл тұқымды бұқаға 14,9 млн теңге;
— сатып алған 40 бас асыл тұқымды қашарға 6,0 млн теңге;
— тұқымдық түрлендіруге қатысып жатқан 645 бас асыл тұқымды аналық мүйізді ірі қараға 9,6 млн теңге;
— тұқымдық түрлендіруге қатысып жатқан 3130 бас товарлы аналық мүйізді ірі қараға 31,3 млн теңге;
— сатып алынған 16 бас асыл тұқымды қошқарға 240,0 мың теңге;
— тұқымдық түрлендіруге қатысып жатқан 3500 бас асыл тұқымды аналық қойға 14,0 млн теңге;
— тұқымдық түрлендіруге қатысып жатқан 2667 бас тауарлы аналық қойға 6,6 млн теңге субсидия төленген дейді жауаптылар.

Былтыр 52 шаруа қожалығымен жеке тұрғындар барлығы 601 гектар жерге егін екті. Картоп – 191 га, көкөніс – 186 га, бақша – 77 га, мал азықтық дақылдары – 147 гектар. Егілген өнім толық жиналып, одан 7268 тонна өнім алынды. 1 гектарға шаққанда 12 тонна құрап отыр. 2024 жылы өндірілген өсімдік шаруашылығы өнім көлемі 7272,5 млн теңгені құрап 100,3%-ға орындалды. Ал аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 2967. ШОК-те жұмыс істейтіндер саны 4684 адам (01.10.2024 ж.), 99,6%-ды құрайды. 2025 жылдың 1 қаңтар жағдайына аудан бойынша жалпы аумағы 10 537 шаршы метр құрайтын 22 кәсіпкерлік нысанның, атап айтқанда 1 сауда орталығы, 8 дүкен, 2 кафе, 1 көлік жуу, 1 дөңгелек жөндеу, 1 асхана және 2 шаштараз, 1 ТҚКС , 1 наубайхана, 1 кемпинг, 2 жанар-жағар май бекеті, 1 газ құю стансасы құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілді, — дейді Құрманғазы ауданының әкімі Абат Жанғалиев.

Бизнесті қолдау бағытында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жеңілдетілген пайыздық мөлшерімен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы «Іскер» бағдарламасы бойынша 6 кәсіпкерлік субъектісіне 55,3 млн теңгенің, «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 12 кәсіпкерлік субъектісіне егін және мал шаруашылығын дамытуға 286,1 млн теңгенің несиесі берілді. Сонымен қатар, бағдарлама аясында есепті кезеңде банктердің кредиттері бойынша несиенің сыйақы мөлшерін субсидиялауға 28 жоба жалпы құны 1704,6 млн теңге, кепілдендіру бойынша 7 жоба, жалпы құны 96,7 млн теңгеге мақұлданды.

Облыс бойынша өзекті жұмыссыздық мәселесі Құрманғазы ауданында да бар. Жұмыспен қамту орталығына 5258 адам жүгініп, оның 4315-і жұмыссыз ретінде тіркелген. 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда уәкілетті органға жүгінгендер саны 823 адамға, жұмыссыз болып тіркелгендер 446 адамға артыпты.

Есепті мерзім соңында тіркеуде қалған жұмыссыздар саны – 1153 адам, жұмыссыздық деңгейі 3,6% құрады. Ауданда 3 рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп, оған 18 жұмыс беруші, 287 жұмыссыз қатысып, 36 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Мемлекеттік түрлі жобаларға халықты қатыстыру жолға қойылған. Қысқамерзімді қайта даярлау курстары да өткізіледі. Кепілдендірілген әлеуметтік топтама 1-6 жасқа дейінгі балаларға қаңтар-желтоқсан айларында 252 балаға 13,8 млн теңге қаржы төленді. Аудандық мәслихаттың шешіміне сәйкес, бұрынғы Азғыр полигонымен шектелетін Асан, Азғыр, Сүйіндік ауылдық округтеріне қарасты елді мекендерде тұратын 219 мүгедекке жалпы сомасы 13,0 млн теңгенің әлеуметтік көмегі тағайындалды. Аз қамтылған отбасыларға біржолғы әлеуметтік көмек бойынша 12 адамға 999,2 мың теңге төленді, — дейді А. Жанғалиев. 

Ауданда 33 мектеп, 1 педагогикалық түзету кабинеті, 23 балабақша және 5 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды, апаттық мектептер мен үш ауысымда оқитын мектептер жоқ. Орын тапшылығын жою бағытында Құрманғазы және Ақкөл ауылдарынан «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 600 орындық жаңа мектеп құрылысы басталып, жұмыстары жүргізілуде. Аудан бойынша негізгі проблемалық мәселелердің бірі педагог кадрлардың жетіспеушілігі болып саналады. 

2024-2025 оқу жылында 26 маман жетіспеушілігі болды: математика – 12, физика – 1, информатика – 1, орыс тілі – 4, ағылшын тілі – 2, тарих – 1, биология – 1, бастапқы әскери дайындық – 1, технология – 2. Педагог кадрлардың жетіспеу мәселесі зейнеткер ұстаздарды келісімшартпен жұмысқа қабылдау арқылы өз шешімін тауып отырған көрінеді.


ПІКІР ЖАЗУ