Жалақы биыл тағы көтеріле ме? – министр жауабы

2025 жылдың екінші жартысында жалақы мен әлеуметтік төлемдер қайта көтерілмейді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстандағы еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференцияда журналист министрден жалақы мен әлеуметтік төлемдер тағы өсуі мүмкін бе деп сұрады.
Жалақыны көтеру биылғы жылдың екінші жартысында қарастырылмайды. Қазіргі таңда мемлекет өз міндеттемелерін толық орындап отыр. Индексация 1 қаңтардан бастап жүргізілді, азаматтар өсірілген төлемдерін алып жатыр. Келесі жалақы өсімі 2026 жылға жоспарланған, – деді Жақыпова.
Еске салайық, осыған дейін соңғы алты жылда орташа жалақы қалай өскені туралы жазған болатынбыз.