ТЖМ тікұшағы Жаңақорғаннан нәрестені Қызылордаға эвакуациялады

ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары нәрестені ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шұғыл жағдайда көмекке «Қазавиақұтқару» АҚ құтқарушылары қайта келді. ҚР ТЖМ әуе кемесінің экипажы Жаңақорған ауылынан Қызылорда қаласына жаңа туған нәрестені эвакуациялауды жедел орындады.
Нәрестені шұғыл ауруханаға жеткізу қажет болды. Медициналық бригаданың ұшқыштары Баймұса Өркен мен Ахметов Расұлбектің үйлесімді жұмысының арқасында жаңа туылған бала қауіпсіз және жылдам медициналық мекемеге жеткізілді, онда оған қажетті көмек көрсетілді.