Qazcontent-те ЖИ бойынша кезекті тренинг өтті

0

Бүгін Qazcontent алаңында жасанды интеллектіні (ЖИ) ақпарат саласында қолдануға арналған кезекті практикалық тренинг ұйымдастырылды. Оған түрлі редакцияларынан келген журналистер, баспасөз қызметінің мамандары және медиа саласының өзге де өкілдері қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жолғы тренингтің басты бағыты — визуалды элементтерді тиімді пайдалану. Қатысушылар мәтіндік контенттен бөлек, фото, бейне және жасанды интеллект арқылы жасалған аватарларды қолданудың жаңа тәсілдерін меңгерді. Практикалық бөлімде қатысушылар ЖИ құралдарының көмегімен дайын мәтіндерді өңдеп, бейнероликтер мен визуалды материалдар әзірлеп, оларды ақпараттық өнім ретінде пайдаланудың жолдарын үйренді.

Тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылып, медиа саласында ЖИ-ды қолданудың алдағы мүмкіндіктері талқыланды. Бұл кездесу қатысушыларға күнделікті жұмыс процесінде ЖИ технологияларын тиімді енгізу жолдарын көруге мүмкіндік берді. Бұған дейін елордада журналистерге арналған ЖИ-ді тиімді пайдалану бойынша тренинг өткен болатын.


ПІКІР ЖАЗУ