Ұлытау және Ақтөбе облыстарының жылыту маусымына дайындығы тексерілді

0

Үкіметтік жұмыс тобы Ұлытау және Ақтөбе облыстарының жылыту маусымына дайындығын тексерді. Алдымен Премьер-министрдің кеңесшісі Ермек Маржықпаев Жезқазған мен Сәтбаев қаласының инфрақұрылымымен танысты. Қазір өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары 66%-ға, ал электр желілерін жөндеу жұмыстары 74%-ға орындалған. Ал Ақтөбе облысына барған Ералы Тоғжанов өңірдегі жылу электр орталықтары мен қазандықтарды қарады. Инвестициялық бағдарламалар аясында кәсіпорындарда негізгі жабдықтар мен желілердің тозуын азайтуға мүмкіндік беретін жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда аймақтың қыс мезгіліне жалпы дайындығы 85%-ды құрайды.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/kogam/726005-ulytau-zane-aktobe-oblystarynyn-zylytu-mausymyna-dajyndygy-tekserildi


ПІКІР ЖАЗУ