Алматыда заманауи жер асты қоқыс контейнерлері орнатылып жатыр

0
Алматының Экология және қоршаған орта басқармасының тапсырысымен жаңа үлгідегі контейнерлік алаңдар орнату жобасы қолға алынған. Әр контейнердің сыйымдылығы – 3 текше метр. Бұл үш стандартты еуроконтейнерді алмастырып, қоқыс жинау мен шығару ісінің тиімділігін арттырады.
🌱 Заманауи жер асты контейнерлерінен жағымсыз иіс шықпайды, құс пен жануар қоқысты шаша алмайтындай жасалған.
🏙 Қаладағы сегіз ауданда барлығы 1 683 контейнер орнатылады. Бұл ауланың санитарлық жағдайын жақсартып, жайлы қалалық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
📌 Жұмыс жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз. Заманауи әрі экологиялық тұрғыдан тиімді жоба қалдықты басқару жүйесін қалыптастыруға жасалған маңызды қадам.

ПІКІР ЖАЗУ