Алматыда Халықаралық жастар күні аталып өтті

0
Қалада «Бірлік, тазалық және жауапкершілік» ұранымен өткен ALMA LOVE онкүндігі аяқталды. Оған мыңдаған жас алматылық қатысты. Биыл фестиваль Алматы әкімі қолдауымен жаңа форматта ұйымдастырылды. Іс-шараны қалалық Жастар саясаты басқармасы өткізді.
📍 10 күн бойы Алматының түрлі аудандарында:
* экологиялық челлендждер;
* «Jastar Talks» мотивациялық кездесулері;
* квесттер мен би сайыстары;
* әлеуметтік жобалар көрмесі және «Жайдарман» ойындары өтті.
📊 Фестивальге 30 мыңнан астам адам қатысты. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен гранд финал 5 мыңнан астам қатысушының басын қосты.
💬 «Жастар Алматының дамуы мен жаңаруына серпін беретін күш. Біз олардың бастамаларын әрдайым қолдаймыз», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков.
🏆 Жас көшбасшылар мен еріктілерге қала әкімі атынан алғыс хаттар табысталды.
🎤 Гала-концертте Dosekesh, Нұрболат Қанай, Еркеш Хасен, Yenlik өнер көрсетті. Кештің хедлайнері – Қайрат Нұртаc.

ПІКІР ЖАЗУ