Алматыда қалалық инфрақұрылымның жай-күйі апта сайын тексеріледі

Алматы әкімі жол мен тротуардың және инженерлік желілердің жағдайын апта сайын бақылауды тапсырды.
Бостандық ауданы әкімдігімен бірлесе өткен жиында Дархан Сатыбалды қала бюджеті 663,5 млрд теңге жоспардың орнына 708,8 млрд теңгеге орындалғанына қарамастан, жайлы қалалық ортаны қалыптастыру басты назарда екенін жеткізді.
Әкім жүйелі тәсілдің, тұрғындармен байланысты нығайтудың және мәселені дер кезінде шешудің маңызын айтты:



Дархан Сатыбалды қалалық қызмет мәселені шешкенше алдын алу жұмыстарын күшейтуді баса айтты. Жыл соңына дейін инженерлік желілерді жаңарту, шамдарды ауыстыру және жаңа жарық бағандарын орнату жоспарланған.
Жиыннан кейін Алматы әкімі аудан тұрғындарымен жүздесіп, өтінішін тыңдап, тиісті қызметтерге нақты тапсырма берді.