Жамбылдық диқандар тіршілік нәрінен тарыққан жоқ

Жамбылдық диқандар биыл тіршілік нәрінен тарыққан жоқ, деп хабарлайды 24kz. Вегетациялық кезең басталғалы бері өңірге 120 млн текше метр су жеткізілген. Бұл болжамды көлемнен 6,1 млн текше метрге артық. Өңірде егістік алқабының көлемі 13 мың гектардан асады. Әсіресе, пияз, қарбыз мол.
Ырыздығын жерден терген шаруалар: «Аптап ыстықта да көмексіз қалмадық», — дейді. Қазіргі таңда Тасөткел су қоймасында 128 млн текше метр су қоры бар. Мамандар бұл суару кезеңін ойдағыдай өткізуге жеткілікті екенін айтады. Жоспарға сәйкес қыркүйек айында гидронысанда су жинау жұмыстары басталады.
https://24.kz/kz/zha-aly-tar/kogam/726237-zambyldyk-dikandar-tirsilik-narinen-tarykkan-zok