Алматы метросы жолаушылар саны бойынша рекорд орнатты

0

 Алматыда метро жолаушылар ағыны бойынша рекорд тіркелді – бір тәулікте жерасты көлігін 117 мың адам пайдаланды. Бұл метрополитен ашылғалы бергі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

2 қыркүйек күні ашылған сәттен жабылғанға дейін метроны 117 мың жолаушы қолданды. Бұл тәуліктік көрсеткіш метрополитен тарихындағы ең жоғарғысы болып тіркелді, – деп хабарлады Алматы метросы.

Жолаушылар санының күрт өсуін метрополитен өкілдері жаңа оқу жылының басталуымен түсіндірді – қыркүйек айында Алматыда оқушылар мен студенттердің сапары көбейген.

Қазір Алматы метросында 11 станция жұмыс істейді:

  • “Райымбек батыр”
    • “Жібек жолы”
    • “Алмалы”
    • “Абай”
    • “Байқоңыр”
    • “Мұхтар Әуезов театры”
    • “Алатау”
    • “Сайран”
    • “Москва”
    • “Сарыарқа”
    • “Бауыржан Момышұлы”.

ПІКІР ЖАЗУ