“Күннен электр қуатын алу”: Қазақстанның оңтүстігіне электр энергиясы қалай жетеді

0

Елдің оңтүстік аймақтарының тұғындары электр энергиясы мәселесімен ұшырасып жатады. Оның себебі электр желілерінің жетіспеушілігінен. Осы мәселені шешу мақсатында Жамбыл облысында бірқатар нысан салынып, жұмыс істеп жатыр. Қазақстанның оңтүстік аймағына электр қуаты қалай жетіп жатыр? Оның балама көздері бар ма? Алматыдағы BAQ.KZ тілшісінің мақаласынан оқып біліңіз.

Шу қаласындағы M-KAT күн-электр станциясы күн электр станциясы 2019 жылғы пайдалануға берілген. Ол өңірді күннен алатын энергия көзімен қамтып отыр. Станцияның қуаты 100 МВТ, ауданы 313 га. Жоба операторы – TotalEnergies Renewables Kazakhstan.

Станциядағы электр тоғын өндіретін күн тақтайшаларының саны – 298 485 дана. Ол күннің түсу бағытына сай шығыс және батыс бағытта бұрылып отырады.

Шудағы күн станцияның бірегей ерекшелігі – күннің қозғалысын қадағалап, электр энергиясын өндіруді 25%-ға арттыратын бір осьті күн трекерлері жүйесі қолданылады. Егер бір панель істен шықса оны осы трекерлер жүйесі арқылы білуге болады.

Орташа жылдық электр энергиясын өндіру сағатына 174 мың кВт құрайды.

Станцияда 14 адам тұрақты жұмыс істейді. Маусымдық жұмыстар кезінде 140 адамға дейін қосымша ресурстық күш тартылады. Солардың бірі инженер қызметіндегі – Аянбек Жұмаханов. Оның мұнда жұмыс істеп жатқанына 1 жылдан асқан. Оған дейін Ескі Шу ауылдық округіндігінің әкімдігінде қызмет еткен.

Өзімнің мамандығым – энергетик. Әкімдікте қызмет еткен уақытта байқағаным, ауылдарда сапалы электр тоғымен мәселелер болды. Сонда мен осындай табиғи энергия өндіретін компанияларда жұмыс істеуге талпындым. Соның нәтижесінде қазір туған ауылымды, Шу ауданын электр энергиясымен қамтамасыз етуге өзімнің үлесімді қосып жүрмін, – дейді инеженер-маман Аянбек.

Күн станциясы жергілікті бюджетке 225 млрд теңге салық түсімдерін әкелген.

Жоба Азия Даму банкі мен ЕҚДБ несиелері есебінен қаржыландырылуда.

Сондай-ақ қала маңында елдің оңтүстік аймағының электр желілерін күшейту мақсатында “KEGOC” АҚ жобасымен Шу-500 кВ қосалқы станциясы кеңейтіліп жатыр. Ол Екібастұздан келетін электр қуатын аймақ тұрғындарына беруге атсалысады.

Стратегиялық мәнге ие қосалқы электр станциясы 2027 жылдың ортасында аяқталуы жоспарланған.

Қазір жобаны жобалау жұмыстары аяқталып, жаңа желіні қосу үшін қабылдау порталарды орнатылды. Сондай-ақ төрт фазалы реакторлар монтаждалды, заманауи коммутациялық жабдықты орнтау жұмыстары жүргізіп жатыр. Онда 22 жұмысшы еңбек етуде. Электр желілері қолданысқа берілген соң аймаққа электр қуатын беру 400 мВт-қа артады. Бұл аймақ тұрғындарының электр қуатын үздіксіз пайдалануларына жол қолғабыс жасайды, – деді компанияның күрделі құрылыс бойынша басшысының орынбасары Ерік Серікбай.

Жоба ұзындығы 475 км жаңа электр желісін “Шу – Жамбыл – Шымкент” бойымен салуды және Шу, Жамбыл Шымкент қосалқы станцияларын кеңейтуді көздейді. Жалпы құны 154 млрд теңгені құрайды. Қаржыландыру KEGOC-тың өз қаражатымен 72 млрд теңге, сондай-ақ Азия Даму Банкі 58 млрд теңге және Қазақстан Даму Банкі 23 млрд теңге несиелері есебінен қамтамасыз етіледі.

Бұл жобалардың барлығы Орталық Азияның біріккен энергетикалық жүйесіне тәуелділікті азайтуға бағытталған.


ПІКІР ЖАЗУ