«Реал Мадрид» футболшылары Алматыға келе жатыр

Мадридтің «Реал Мадрид» клубы 2025 жылғы 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтетін «Қайратқа» қарсы ойында алаңға шығатын негізгі құрамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құрам ресми түрде клубтың Instagram-парақшасында жарияланды. Корольдік клуб матчқа небәрі 22 футболшыны мәлімдеген, олардың ішінде 6 қорғаушы бар.
Алайда «Реалдың» негізгі оң қапталдағы қорғаушысы әрі команда капитаны, ең көп титул иегері Дани Карвахаль «Қайратқа» қарсы ойын алдында жарақат алып қалды. Сонымен қатар тізімде Трент Александер-Арнольд, Эдер Милитао және Антонио Рюдигер де жоқ.
Айта кетейік, 28 қыркүйекте мадридтік клуб «Қайратқа» қарсы матч қарсаңында әуежайдан түсірілген кадрларды да жариялады.