Емхананы онлайн ауыстыруға 1 қарашаға дейін уақыт берілді: қадамдық нұсқаулық

0

Қазақстанда 1 қазаннан 1 қарашаға дейін емхананы таңдау және ауыстыру науқаны жалғасуда. Науқан аясында азаматтар өздеріне ыңғайлы медициналық ұйымды таңдап, оған eGov.kz порталы немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн тіркеле алады. Төменде тіркелудің қадамдық нұсқаулығы толық көрсетілген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

eGov.kz порталында емхананы қалай ауыстыруға болады?

Электронды үкіметтің мәліметінше, тіркелу үшін мына қадамдарды орындау қажет:

  • eGov.kz порталына кіріп, авторизациядан өту;
    • «Азаматтарға/Бизнеске» – «Денсаулық сақтау» бөліміне өту;
    • «Медициналық көмек» – «Емханаға тіркелу» қызметін таңдап, тиісті деректерді толтыру;
    • Қызметті ЭЦҚ немесе қолжетімді әдістердің бірімен қол қою;
    • Нәтижені «Қызметтер тарихы» бөлімінен тексеру.

eGov Mobile арқылы тіркелу

Қосымшада бұл қызметті қалай қолдану жөніндегі бейнематериал жарияланды.


ПІКІР ЖАЗУ