ШЫМКЕНТ: №89 ІТ мектеп – лицейінде цитрустық банан жеміс берді

0

Шымкент қаласындағы №89 ІТ мектеп – лицейінде цитрустық банан гүлдеп, өз жемісін беруде. Білім ордасында 2019 жылы үш пирамидалы «FLORA&FAUNA» жаратылыстану пәндері лабораториясы ашылып, қыркүйек айында балалар 2 дана банан өсімдігін отырғызған болатын.

Оқушылар мен жаратылыстану бағытындағы мұғалімдердің банан өсімдігін бейімдеу және өсіріп-баптау бойынша жүргізген ғылыми жобалары бүгінде жемісін берді.

Бұдан бөлек, ғылыми жұмыс барысында 10 түрлі цитрустық өсімдік егілген. Қазір лимоннан 60 түп көшет салып тұр. Банан 7 түп, мандарин — 8 түп, анар — 9, киви — 4, ананас — 4, құрма — 15, бадам — 80 түп өсімдік отырғызған.

Білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту шеңберінде биыл 32 мектептің құрылысы қолға алынған. Оның ішінде 12 мектептің құрылысы мемлекет есебінен жүргізілсе, 20 мектепті жеке инвесторлар салуда. Биыл 20 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде апатты мектеп мәселесі түпкілікті шешіліп, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9 мектепке төмендейді.  Мектеп оқушылары арасында өткен республикалық Ұлттық Мектеп Лигасының жалпы қорытындысы бойынша Шымкент қаласы жүлделі 2-орынды жеңіп алды.

 


ПІКІР ЖАЗУ