Шымкентте 6 кітапхана модернизациядан өткізілді

0
252

«Мәдениет саласында кітапхана желісін жаңғыртуға көп көңіл бөліп отырмыз. Бүгінгі таңда 6 кітапхананы модернизациядан өткіздік. Оның ішінде орталық Әл-Фараби кітапханасы бар. Жыл соңына дейін тағы 4 кітапхананы жаңғырту жоспарда тұр. Өздеріңізге баяндағанымдай, кітапханалар «Отбасылық кітапхана» концепциясымен дамып жатыр». Осылай деген Шымкент қаласының әкімі қала тіршілігінде мәдениеттің алар орны ерекше екендігін айтты.

1 мамырда қаланың негізгі туристтік нысанына айналуға мүмкіндігі жоғары «Шымқала» тарихи-мәдени кешені ашылған. Қазіргі уақытта кешенді музейлендіру жұмыстары жүргізілуде. Тарихи кешенде хауыз, аспан асты кинотеатр, музей болады.

Сондай-ақ, «ShymQala»  этноауылы да ел игілігіне берілген. Этноауылда жыл бойы қала тұрғындары мен қонақтарына түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілетін болады.

Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында аса құнды рухани, эстетикалық немесе құжаттамалық белгілеріне орай және ерекше ғылыми, тарихи және мәдени маңызы бар кітаптар мен қолжазбаларды сақтау және пайдалану мақсатында басылымдардың тарихи, көркемдік құндылығы негізінде құнды дүниелер сақталатын сирек кітаптар қоры бөлім бар.


ПІКІР ЖАЗУ