Шымкенттегі мектептерде толығымен адамның түр-тұлғасын анықтайтын жүйе орнатылуда

0

Мектептерді жабдықтауға 7 млрд теңгеге жуық қаржы қаралды. Қала мектептеріндегі оқу кабинеттерінің небәрі 32 пайызы жабдықталған. Сол себепті мектептер физика, химия, биология, робототехника, СТЕМ-ге арналған 278 арнайы пәндік кабинетпен жабдықталады. Жабдықталу 32 пайыздан 60 пайызға  өседі.

Балалардың қауіпсіз ортада білім алу үшін, іште әжетханасы жоқ 36 мектепке қосымша әжетхана салынып, бұл мәселе толығымен шешімін табады. Сонымен бірге, соңғы талаптарға сәйкестендірілген бейнебақылау мен адамның түр-тұлғасын анықтайтын кіргізіп-шығару жүйесі жаңа оқу жылына дейін 100 пайызға  орнатылатын болады.

1-қыркүйектен бастап дәстүрлі форматта оқыту жоспарлануда. Мектеп формасына қойылатын талаптар сақталады, бұл ретте мектепке классикалық стильдегі ыңғайлы киіммен келуге де рұқсат етіледі. Білім қоры арқылы мектеп формасына бір реттік қаржылай көмек қаладағы 57 466 балаға беріледі. 30 мың теңге көлеміндегі қаржы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен көп балалы отбасыға және басқа санаттағы балаларға берілетін болады

 


ПІКІР ЖАЗУ