ШЫМКЕНТ: 7 мал бордақылау алаңы ашылды
Шымкент – Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік және экономикалық орталықтарының бірі. Мегаполис орталығында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қолайлы болмаса да, қала аумағында еттік-сүттік мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының тұрақты дамуына мүмкіндік берілген.
Ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстарды жүргізу мен мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өскен. Мәселен, 7 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3 пайызға артқан. Өсім негізінен мал шаруашылығындағы өндіріс көлемі 3,2% — ға, оның ішінде тірі салмақтағы ет 3,2% — ға және сүт 2,6% — ға арту есебінен болған.
Ет өнімдеріне деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін қалыптастыру мақсатында қалада 7 мал бордақылау алаңы ашылды. Мұнда жалпы 3400 бас ірі қара мал бордақыланады. Бұл жобаларға 2,3 млрд. теңге инвестиция тартылып, 30 жаңа жұмыс орны құрылды.
Инвестициялық жобалардың ішінде — «Наурыз» ЖШС, «Байзаков Е» ЖК, «Абдукаримов» ЖК, «Наркулов» ЖК, «Лапиев» ЖК-да мал бордақылау алаңдары жаңадан құрылған болса, «Алтынсай» мен «Асыл-жұлдыз» шаруа қожалықтары мал бордақылау алаңдарын кеңейткен.
Осы жылдың жеті айында 9,8 мың тонна ет өндірілсе, жыл соңына дейін 14,6 мың тонна ет өндіру көзделуде.