ШЫМКЕНТ: Көпбалалы аналарға үй жағдайында отырып табыс табуға жол ашылды

0

Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығы көпбалалы аналарға үй жағдайында отырып табыс табу жолдарын үйрету үшін түрлі салалар бойынша бағыт-бағдар беріп, тегін курстар өтуде.

Байдібек би даңғылында орналасқан «Shanyraq» орталығында бүгінде заманауи қажетті білімдердің бірі болып отырған SMM курсын 20-дан астам көпбалалы ана оқып жатыр.

Курс 1 ай мерзімге созылады, аптасына екі рет өткізіледі. Бүгінде көпбалалы және аз қамтамасыз етілген аналардың бесеуі әлеуметтік желі арқылы ақша табудың жолдарын үйреніп, үздік аяқтағандары үшін арнайы сертификаттар алды.

Айта кетейік SMM саласын меңгерген адам әлеуметтік желілер арқылы үйде отырып, табыс таба алады. Курсқа жазылу және де толық мәліметтер алу үшін   байланыс нөміріне 8775 045 39 17 хабарласуға болады.

Курсқа жазылу және толық мәліметтер алу үшін 8775 045 39 17 байланыс нөміріне хабарласуға болады. Мекенжайы: Бәйдібек би даңғылы, 32 а.


ПІКІР ЖАЗУ