Шымкент қаласын еліміздегі туристер баруға ұсынылатын ТОП-10-ға кіргізу жоспарлануда

0

«Visit Shymkent» орталығы туристерді ақпаратпен қамтамасыз етіп, өңірдің туристік әлеуетін маркетинтік ілгерілету мен талдау, халықаралық шараларды ұйымдастырып, іскерлік туризмді дамытумен айналысады. Орталық «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Атап айтқанда, көші-қон қызметтерінің көмегін пайдалану, туризм саласын талдау, қаланың туристік имиджін дамыту, ірі туроператорларды анықтап, оларға туристік маршруттарды ұсынады. Іскерлік іс-шараларды өткізіп, осы салаға инвестиция тартумен де айналысады. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қонақтарына кеңес беру қызметі, туристік карталар ұсынып, қалада өткізілетін іс-шаралар жөнінде жарнамалық ақпараттарды таратады.

Шымшаһар жыл санап дамып, көркейіп келеді. Осы қалыптан таймай қаланың өсуі жалғасатын болса, шаһардың туристік әлеуеті де жоғарылай түседі. Осылай деген «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының басшысы Айдарәлі Раманов бұған мекеменің басшысы ретінде емес, әлемнің 30-дан астам елінде болған жиһанкез есебінде баға беріп отырмын деді. Турист – төлемге қабілетті инвестор. Инвесторлар көбеймейінше, қаланың экономикасы да айтарлықтай көрсеткіштерге жете алмайды. Оны туризмі дамыған елдердің тәжірибесінен көруге болады.


ПІКІР ЖАЗУ