ШЫМКЕНТ: «ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАРЫ» КӨРМЕСІ ӨТТІ

0

Шымкент қаласында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жылдардағы Құрметті азаматтары» атты көрме ұйымдастырылды.
«Құрметті азаматтар» гүлзарында арнайы көрме жасақталып, қаламыздың дамуына өз үлестерін қосқан, «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» атағын алған 139 азаматтың 1991-2021 жылдар аралығындағы еңбектері, жобалары, суреттері, кітаптары мен құжаттары қойылған.
Жиынның құрметті қонағы болған архитектор Асқар Әзімбаев қаланың гүлдену жолындағы жасаған жобалары жөнінде баяндаса, ҚР Халық әртісі Сапарбай Өтемісұлы егемендіктен кейінгі Шымкент қаласында театр өнерінің өрлегенін тілге тиек етіп, Абай өлеңдерінен үзінделер оқыды. Сонымен бірге, Әділхан Сұлтанбеков, Сағынғали Абубакиров, Икрам Хакимжанов, , жазушы Серік Жанәбілов және Татьяна Романовалар өзінің еңбек жолдары туралы айтты.
Бүгінде қалалық архив мекемесі «Архив-2025» кешендік жоспары бойынша тәуелсіздік жылдары қалаға елеулі үлесін қосқан азаматтар туралы мәліметтер жинағын жарыққа шығаруды жоспарлап отыр.

Ұсынылған мәліметтер Шымкент қаласы мемлекеттік архиві мен қалалық мәслихаты архиві және Түркістан облысының мемлекеттік архивте сақтауда тұрған құжаттар негізінде жинақталған.


ПІКІР ЖАЗУ