Ерекше қажеттілігі бар адамдардың көпшілігі түркістанда тұрады
Ерекше қажеттілігі бар адамдардың көпшілігі түркістанда тұрады, деп хабарлайды uaqyt.kz
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандардың саны 700 мыңға жуық тұрғынды құраған. Ерекше қажеттіліктері бар адамдардың 94,7 мыңға жуығы 18 жасқа дейінгі балалар. Өкінішке орай елімізде мүмкіндігі шектеулі балалардың саны бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 3,4 пайызға көбейген.
Мүгедектігі бойынша тіркеуге алынған азаматтардың көпшілігі яғни, 94,1 мыңы-Түркістан, 68,8 мыңы-Алматы, 67,8 мыңы-Қарағанды облысынан болып табылады. Ал ерекше күтімді қажет ететін балалардың дені Түркістан, Алматы облыстары мен Алматы қаласында тіркеуде тұр. Ағымдағы жылдың басындағы жағдай бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда мүгедектігі бойынша 23,5 мың адам тұрған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,3 пайызға аз. Оның 11,5 мыңы әрекетке қабілетсіз, 1,5 мыңы төсек режиміндегілер болып танылғандар. Арнаулы әлеуметтік медициналық қызметтер көрсететін ұйымдарда тұратын мүмкінлдігі шектеулі жандардың 5,7 мыңы — 17 жасқа дейінгі балалар, 2,7 мыңы — 18-29 жастағылар, 10,2 мыңы — 30-58 жастағы ересектер, 5 мыңы -59 жастан жоғарылар.