Елімізде вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты

0

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында

Елімізде коронавирус вакцинасын салдыруға қатысты 25 қазандағы мәлімет жарияланды, деп хабарлайд Almaty-akshamy.kz 

25 қазандағы мәлімет бойынша, Қазақстанда вакцинаның I компонентін 8 168 114 адам салдырды, II компонентпен 7 329 137 адам егілді. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 986 974 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 926 752 адам екінші компонентін салдырған. Екпе алудан екінші орында — Түркістан облысы. Өңірде 962 838 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 863 661 адам 2-компонентін егілген. Үшінші орында — Шығыс Қазақстан облысы, мұнда 853 984 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 741 808 адам екінші бөлігін қабылдаған.

 

 



ПІКІР ЖАЗУ