Түркістан облысының полицейлері әмияннан ақша ұрлаған күдіктіні “ізін суытпай” ұстады

0
81

Түркістан облысының полицейлері әмияннан ақша ұрлаған күдіктіні “ізін суытпай” ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын әйел арызданып келеді. Ол өзінің арызында белгісіз біреудің үйінде ешкім жоқтығын пайдаланып, жатын бөлмесінде тұрған әмиянынан 100 мың теңге ақшасы мен алтын сырғасын ұрлап кеткендігін көрсеткен. Аталған жайтты полицейлер ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. Жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 200 мың теңге. Сондай-ақ полицейлер күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Жақын аймақтарды аралап, бейнекамераларды тексерді. Нәтижесінде Түлкібас АПБ-нің қызметкерлері қылмыстың “ізін суытпай” бір тәулік ішінде ашып, күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Сондай-ақ полицейлер айғақты зат ретінде ұрланған заттарды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда ұсталған ер азаматқа қатысты тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Жеке мүліктің ұрлануына жол бермеу үшін Түркістан облысының полицейлері қала тұрғындарынан қырағы болуларын сұрайды. Мысалы, Сіз жер үйде немесе көпқабатты үйлердің төменгі қабаттарында тұратын болсаңыз, пәтер ұрлықтарын болдырмау мақсатында сенімді құлып пен терезелерге торлар орнатқаныңыз жөн.



ПІКІР ЖАЗУ