Түркістан: Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған турнир

0

Түркістан қаласындағы «Шоу арена» спорт кешенінде Түркістан қаласы әкімдігінің қолдауымен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен «Қала күніне» орай, «Alash Pride» 70 Халықаралық турнирі ұйымдастырылды, деп хабарлайды aldaspaninfo.kz

Жаңадан салынған спорт кешенінде 5-ші рет өткізілгелі отырған жекпе-жек турнирінің ашылу салтанатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, «Alash Pride» клубының президенті Данияр Қасқарауов, «Алаш Прайд» Түркістан облысы филиалының президенті Мұрат Ахановтар сөзге шығып, соңғы жылдары аталмыш спорт түрінің қарқынды дамып келе жатқанын, жауынгерлеріміз алдағы уақытта бұдан да жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, көк туымызды үлкен додаларда желбірете берсін деген ізгі ниеттерін жеткізді. Жанкүйерлерге лық толған «Шоу арена» спорт кешенінде Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия елдерінен келген спортшылар шаршы алаңда күш сынасып, кім мықтыны анықтады. Осы турнирге тыңғылықты дайындықпен келген қазақ спортшыларының көпшілігі жеңіс тұғырынан көрініп, спортсүйер қауымды бір қуантып тастады. Атап айтсақ, Наурыз Ысқақов (52 кг), Медет Нуртола, Абылақын Абылқайыр (екеуі де 57 кг), Алтынбек Ибраев, Ербол Қожанов, Серік Мақұлда (барлығы 61 кг), Исабек Бекзат (61.5 кг), Данияр Сынасап, Иманғали Қожахмет ( екеуі де 66 кг), Асан Балтаев (70 кг), Айбек Ерметов (130 кг) сынды спортшыларымыз жеңіске жетті. Жеңіс құтты болсын!

Райымжан ӘЛІБАЕВ,

«Түркістан».



ПІКІР ЖАЗУ