Түркістан: Сайрам ауданында ауыл шаруашылығының өнім көлемі 100 млрд теңгеге жетпек

0

Сайрам ауданында биылғы 9 айда 81,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Бұл көрсеткіш бойынша жалпы өңірлік өнім көлемінің 58% -ын құрайды. Жыл соңына дейін салада өндірілетін өнім көлемін 100 млрд теңгеге жеткізу жоспарланған.
Қазіргі таңда аудандағы жылыжайдың жалпы көлемі 52 гектарға, ал қарқынды бау егілген жер көлемі 500 гектарға жуықтаған. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласында бірнеше тың жобалар іске асырылмақ. Атап айтқанда, Қайнарбұлақ ауылдық округінде 3,5 гектар жылыжай кешені салынады. Жалпы құны 1,5 млрд теңгелік жобаны «Нұр-Агро» ЖШС қолға алуда. Сонымен қатар, «Көмешбұлақ» ЖШС жылына 1 млн балық шабағын өндіруді жоспарлап отыр. Жоба құны — 50 млн теңге. Ал, Көлкент ауылдық округінде 29 га қарқынды бау кешені іске қосылмақ. Бұл жобаның құны — 400 млн теңге. Осы жобалар іске асса, ауданда тағы 380 жаңа жұмыс орны ашылады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі



ПІКІР ЖАЗУ