Нұртас Оңдасыновқа ескерткіш орнатылды

0

Ұлттық ғылым академиясының дербес шаңырақ болып құрылуына, еліміздің білім мен ғылым саласының өркендеуіне саналы ғұмырын арнаған мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-лингвист Нұртас Оңдасыновтың есімін ұлықтау мақсатында Алматыда ескерткіш-бюст орнатылды, деп хабарлайды  egemen.kz

Медеу ауданындағы Шевченко мен Қонаев кө­шелерінің қиылысында орнатылған ескерткіштің ашылу рәсіміне қаланың әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысып, ғалымның қо­ғам өміріндегі ерен ең­бегі жайында айтып өтті. «Елі­міздің тарихында өш­пестей із қалдырған мем­лекет және қоғам қай­раткері Нұртас Оңдасынов көптеген игі істің бас­тауында тұрды. Ел үшін қиын заманда ұлт мүд­десі жолында батыл қа­дамдарға барып, жоғары лауазымды қызметте жүр­се де тәуелсіздіктің орнауы, тіліміз бен салт-дәстү­рі­мізді қайта жаңғырту ісін бәрінен де жоғары қоя білді. Екінші дүниежүзілік со­ғыс және одан кейінгі ең ауыр жылдарда ел Үкі­ме­тін басқарды. Республи­ка­­мыздың әлеуметтік-эко­номикалық дамуына, мәдениеті мен өнерінің, ғы­лымы мен білімінің өр­кендеуіне барынша күш салды. Осы орайда Нұртас Оң­дасыновтың өнегелі өмірі мен халқына жасаған қалт­қысыз қызметін насихаттау, жас ұрпақтың сана­сына сіңіру – абыройлы мін­детіміз», деп атап өтті қала әкімі. Нұртас Оңдасынов Қа­зақ мемлекеттік қыз­дар педагогикалық инс­ти­­­­туты мен Ұлттық кон­сер­ва­торияның ашылуына, шет тілдері, дене тәр­бие­сі институттарының және барлық облыс орта­лық­­тарында мұғалім­дер даярлайтын жоғары оқу орындарының құрылуына ұйытқы болып, өркендеуі жолында аянбай еңбек етті. Еліміздегі Ертіс – Қа­ра­ғанды, Арыс – Түр­кістан, Мырзашөл каналдарының, Атырау, Теміртау, Жезқаз­ған, Балқаш, Ақтөбе қала­ла­­рындағы ірі зауыт­тар­дың, Мойынты – Шу темір жо­лының салынуы­на ті­келей басшылық ете жү­ріп, өңірлердің дамуы жо­лын­дағы маңызды жо­балар­дың басы-қасында жүрді. Бүгінде қайраткер тұл­ғаның қолтаңбасы қай салада болсын айшық­та­лып тұр.



ПІКІР ЖАЗУ