Қазақстанда коронавирустан өлім-жітім 4,1 есе азайды — министрлік

0

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кейінгі екі айда COVID-19-дан болған өлім-жітім 4,1 есе азайды. ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов Үкімет отырысында осылай мәлім етті, деп хабарлайды  inform.kz 

«Бүгінде елімізде «жасыл» аймақта 9 өңір бар: Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы облыстары және Шымкент қаласы. Қазақстан Республикасы және 4 өңір – «сары» аймақта (Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары). «Қызыл» аймақта Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр», — деді бірінші вице-министр. Оның айтуынша, елдегі COVID-19 вирусымен сырқаттанудың репродуктивтік саны – 0,93. «Жалпы Қазақстанда соңғы екі айда сырқаттану 2,8 есе – аптасына 33 346 жағдайдан 11 709 жағдайға дейін азайды. Ал өлім 4,1 есе – аптасына 761 жағдайдан 184 жағдайға дейін кеміді. Бұл жалпы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуын көрсетеді», — деді Марат Шоранов.



ПІКІР ЖАЗУ