Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін зерттеу жүргізіліп жатыр

0
  ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомство атом электр станциясының құрылысы бойынша ғылыми зерттеуді жалғастырып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атом электр станциясын салу – ұзаққа созылатын мәселе. Қазір геологиялық, тектоникалық, сейсмологиялық зерттеулерді, табиғи рельефтерді, ландшафттарды, судың қолжетімділігін, адам ресурстарын ескере отырып, ықтимал орналастыру орындарына байланысты зерттеу жүргізіліп жатыр. Ең әуелі осылар жасалуы керек. ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов

Министрдің айтуынша, атом электр стансасын салуға қолайлы жаңа учаске әлі анықталған жоқ.

Жұмыс күнде жүргізіледі. Зерттеу бір күнде бітетін нәрсе емес. Кез келген құрылысты бастамас бұрын атқарылатын жұмыстың ауқымы зор. Болат Ақшолақов

Бұған дейін Энергетика министрлігі Қазақстанда атом электр стансаларын салу үшін ядролық технологиялардың алты жаһандық жеткізушісі зерттеліп жатқанын хабарлаған еді.

КілтсөздератомҚазақстан


ПІКІР ЖАЗУ