Қазақстанда әскери шеру болмайды
ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парад жоспарланбаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның орнына әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарланып отыр. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлеріне құрмет көрсету шаралары жеке ұйымдастырылады. ҚР Қорғаныс министрлігінің Баспасөз қызметі
Еліміздің барлық өңірінде барлығы 50-ге жуық түрлі іс-шара өткізу жоспарланған.