Шуда балаларға зорлық жасады деген күдікті ұсталды

0

Жамбыл облысында Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны 9 жастағы екі жеткіншекті ұзақ уақыттан бері зорлап келген.

Үшінші сынып оқушыларына азғындық жасады деген күдікті ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Экспресс К.

6 мамырында Шу аудандық полиция бөліміне 43 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, 2022 жылдың наурыз айының басында қараусыз қалған ғимаратта белгісіз ер адамның өзінің кәмелетке толмаған ұлы мен онымен жасты досына қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағанын айтып арызданған.

«Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚК 121-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге қатысты Шу аудандық сотымен қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», — делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.


ПІКІР ЖАЗУ