Шымкент қаласында үшем дүниеге келді
Үшем 24 сәуір күні жүктіліктің 35-аптасында жасанды тілік арқылы туылған. Отбасында бұған дейін бес бала болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үшем 24 сәуір күні жүктіліктің 35-аптасында жасанды тілік арқылы туылды. Сәбилердің салмағы 2000-2470 грамм аралығында, бойы 40-42 см аралығында. Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, денсаулығы жақсарған.Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Дәрігерлердің айтуынша, Айсұлтан, Әлия және София есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты.
Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Отбасында бұған дейін бес бала болған. Осылайша 33 жасында үшем босанған қала тұрғыны Гүлмира Юсупова бірден сегіз баланың анасы атанды.