Адам өмірі мен бостандығы-ең қымбат қазына
Қазақстан Президенті Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия туралы жарлыққа өзгерістер енгізді.
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес ұлттық комиссия жұмысының басым бағыты болып қалып отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған конституциялық реформаларда әр қазақстандықтың құқықтық қорғалуын күшейтуге баса мән берілген. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі конституциялық тұрғыдан айқындалатын болды. Әрі, азаматтардың конституциялық құқықтарын барынша тиімді қорғау үшін оған жаңадан құрылатын Конституциялық Сотқа жүгіну құқығы беріледі. Конституциялық Сотқа сондай-ақ өзінің Ата Заңда көрсетілген құқықтары мен бостандықтары бұзылуда деп санаған кез келген азамат жүгіне алады.