Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынды. Референдум –Жолдауда жарияланған реформаларды халықтың таңдауымен жүзеге асыру. Мемлекет басшысы әрқашанда азаматтарды шешім қабылдауға белсенді қатысуға шақырып келеді. Конституциялық өзгерістер бойынша енді аралас сайлау жүйесі арқылы партияға мүше емес азаматтар да Парламентке сайлана алады. Егер референдумда дауыс берушілер осы өзгерістерді қолдаса, онда біз Президент айтқан жаңа, әділетті Қазақстан құруға мүмкіндік аламыз. Бұл – еліміздің дамуы үшін маңызды қадам.

Баршаңызды өз азаматтық ұстанымдарыңызды білдіру мақсатында Референдумға бір кісідей қатысып, азаматтардың игілігі үшін жасалып жатқан, елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізеді еліміздің Ата заңы — Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдауға шақырамын.
Референдумға кел! Өзгеріске дауыс бер! Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!

Шақыруды жолдады:  Сарыағаш қаласының биі Ержанов. Х



ПІКІР ЖАЗУ