Мақтаарал халқы референдумға белсене қатысады

0

 Осыдан екі жыл бұрын топан судан зардап шеккен мақтааралдықтар Қазақстан үкіметі мен халқының ерекше қолдауын әлі ұмыта қойған жоқ. Бүгінде аудан көркейіп, экономикалық ахуалы да жыл санап жақсарып келеді. Тындырымды тірліктер де аз емес. Ынтымағы мен берекесі жарасқан мырзашөлдіктер алдағы референдумда да ерекше белсенділік танытамыз деп отыр. Өйткені олар ел болашағының жарқын болатынына үлкен сеніммен қарайды.

 Бүгін партия жанындағы республикалық штаб мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сырым Ертаев аталған ауданның Жаңа жол, Ж.Нұрлыбаев және Иіржар ауылдық округтерін аралап, жергілікті тұрғындармен кездесіп, науқан алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

 Кездесуге «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының атқарушы хатшысы Д.Асабаев, облыстық мәслихат депутаттары О.Мамиров, Б.Серманизов және Ұ.Жұрымбетова, аудандық мәслихат депутаттары қатысты. Ең алдымен штаб мүшелері Нұрлыбаев ауылдық округі, Өнімкер елдімекенінің диқандарымен кездесіп, Ата заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 Ата заңға енгізілетін өзгерістерге сәйкес, мәжіліс аралас сайлау жүйесі бойынша партиялық тізімдер негізінде және бір мандатты аумақтық округтер бойынша құрылатын болады. Бұдан басқа, Мәжіліс заңдарды өз бетінше қабылдауға құқылы. Жалпы, Парламенттің рөлі нығайып, сол арқылы мемлекеттің институционалдық тұрақтылығы артады», — деді Сырым Маханбетұлы.

 Ауыл тұрғындары Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қатысты қызығушылық білдіріп, өз сауалдарын да қойды. Атап айтсақ, тіл мәртебесі, жер пайдалану, ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттен берілетін жәрдем сынды сан-салалы сұрақтарын жолдап, тұшымды жауаптарын алды.

 Ақпарат көзі: «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Кілтсөздерреференумсаясат


ПІКІР ЖАЗУ