Түркістан облысы тұрғындарының назарына!

0

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің Отырар ауданының тұрғындарымен кездесуі 17 маусым сағат 11.00-де Шәуілдір ауылы, Жібек Жолы даңғылы, Мәдениет сарайының жанында өтеді, сонымен қатар, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2022 жылғы
17 маусым сағат 12.00-де Шәуілдір ауылы, Мәдениет сарайында өтеді.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеевтің Арыс қаласының тұрғындарымен кездесуі 17 маусым сағат 15.00-де Арыс қаласы Батырлар алаңында өтеді, сонымен қатар, облыс әкімінің жеке қабылдауы 2022 жылғы 17 маусым сағат 16.00-де Арыс қаласы Привокзальная көшесі, №1 мекен-жайында өтеді.
Қабылдауға алдын-ала жазылу 8 (72533) 5-98-99 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почта арқылы 2022 жылғы 16 маусымға дейін сағат 9-00 ден 19-00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00-15.00 дейін) жүргізіледі!

​ Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.



ПІКІР ЖАЗУ