Арыста Орта Азияда баламасы жоқ зауыт салынып жатыр

0
30
 Арыс қаласында өнімнің баламасы Орта Азияда елдерінде жоқ зауыттың қабырғасы қаланды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев поливинилхлорид түйіршіктері мен қоспасын шығаратын кәсіпорын жұмысымен танысты. Қажетті шикізат Қытай мен Түркия және Ресейден тасымалданады. Мұнда айына 300 тонна өнім шығады. Құрылысқа қажетті пластикалық панельдер шығаратын өндірістік цехында бүгінгі таңда 30 адам тұрақты түрде жұмыс істейді. Темір жолдың кіреберіс жолымен жабдықталған орталықта жүк көліктерінің тасымалдау қызметі мен кедендік қызмет түрлері де өзара үйлестірілген.
 Арыс қаласындағы ұлттық спортты ұлықтайтын кешен қызметі заманауи талапқа сай қайта жанданды. «Арыс-Шардара» тас жолының жиегінде бой көтерген ипподром аумағында жеке инвесторлар есебінен қала тұрғындары мен қонақтарына арнап иппотерапия қызметі ұсынылуда. Сондай-ақ бұл жерде көкпар, бәйге, жамбы ату, теңге ілу, саятшылық, аударыспақ, асық ату сынды ұлттық ойындарды дамытуға барлық жағдай жасалған. Жалпы аумағы 5 мың шаршы метр жерді алып жатқан кешен бір мезетте 270 адам қабылдап, қызмет көрсете алады.
 Облыс әкімі мемлекеттен берілетін қайтарымсыз грант арқылы өз кәсібін ашқан кәсіпкерлермен кездесті. Жас кәсіп иелері тапсырыспен құрақ көрпе мен жастық, киім тігумен айналысып, иіс сабын шығару ісі жолға қойған. Биыл «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін бірреттік мемлекеттік грантқа 25 азамат (1 225 200 теңгеден) ие болды.
Өмірзақ Шөкеев Арыс тұрғындарымен кездесіп, талап-тілектерін тыңдады.
 Кездесуде өңірде атқарылып жатқан және алдағы уақытта атқарылатын игілікті істерді атап өтті. Өз кезегінде арыстықтар облыс әкіміне көкейде жүрген сауалдарын жеткізді. Жол салу, газбен қамту, мектепке қатынайтын автобус, ауыз су құбыры мен электр желісін тарту, кәріз жүйесін жүргізу мәселелері ортаға салынды. Жиделі мен Ақдала ауылдарында 120 және 240 орындық клуб әрі кітапханаға арналған кешен салынатын болды.
-Мемлекетіміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ата заңымызға ұсынылған өзгерістерді азаматтардың басым көпшілігі қолдады. Өңіріміздің барлық жерінен дауыс беруге қатысқан азаматтарға, зиялы қауым өкілдеріне және қоғам белсенділеріне алғыс білдіремін. Референдум қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үндеу жасап, бірқатар нақты тапсырмалар берді. Жалпы Үндеуде айтылған тапсырмалар мен айқындалған міндеттер еліміздің экономикалық өсімін жеделдетіп, халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуда маңызды рөл атқаратыны сөзсіз,- деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.
Облыс басшысы кездесулерде көтерілген сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында кезең-кезеңімен шешімін табатынын және әр сауал жеке бақылауында болатынын жеткізді.
  Арыста инвестиция үш есеге өсті. Жайылымдық жер 31 мың гектарға кеңейтілді. Арыс атырабында жайылымға шығатын мал саны 73 мың басты құрайды. Арыс қаласында жыл соңына дейін 400-ге жуық адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Биыл үй іргелік жерді тиімді пайдалану мақсатында 30 отбасының ауласына ауыл шаруашылығы өнімдері егілді.
  Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етеді
және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндіреді.
Аталған жұмысты Арыста қорытындылаған облыс әкімі жоспар бойынша күз айында халықпен кездесу жаңа кестеге сәйкес басталатынын мәлімдеді.
КілтсөздерзауытТехнология


ПІКІР ЖАЗУ