Райымбек Сейтметов атындағы театр Румыниядағы фестивальден оралды

0
25
 Румынияның Тырговиште қаласында халықаралық Х «Babel F.A.S.T.» фестивалі өтті. Оған Қазақстаннан Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры С.Раевтың «Ханшаның көз жасы» қойылымымен қатысып қайтты.
 Өнер көрсеткен соң қойылым режиссері Қуандық Қасымов ұйымдастырушыларға Қазақстан атынан алғысын білдіріп, шапан жапты. Театр труппасы сахналаған туындыны көрермен қызығушылықпен тамашалады. Өнер фестиваліне 14 елден келген театр қатысып, өнерпаздар өзара тәжірибе алмасты.
 Фестиваль барысында баспасөз конференциясы өтіп, Тырговиште қаласының Tony Bulandra театры мен Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры өзара меморандумға қол қойды. Тығыз қарым-қатынас орнату үшін екі тарап келісімге келді.Бұдан бөлек, театр ұжымы Румыния астанасы Бухарест қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жыл толуына орай орнатылған Абай ескерткішіне барды. Бұл – екі халық арасындағы өзара құрметтің айқын белгісі.Еуропа көрерменіне өнер көрсеткен театр саңлақтары елге оралды. Оларды әріптестері мен жақындары, журналистер әуежайдан құшақ жая қарсы алды.
 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
__
 В румынском городе Тырговиште прошел международный X фестиваль Babel F.A.S.T. От Казахстана в нем принял участие туркестанский музыкально-драматический театр имени Райымбека Сейтметова с постановкой «Ханшаның көз жасы» С. Раева.
 После выступления режиссер-постановщик Куандык Касымов поблагодарил организаторов от имени Казахстана.Спектакль, поставленный труппой туркестанского театра, зритель наблюдал с большим интересом.В фестивале приняли участие театры из 14 стран, это своего рода обмен опытом.
 В ходе фестиваля состоялась пресс-конференция, на которой театр Tony Bulandra города Тырговиште и музыкально-драматический театр города Туркестана имени Райымбека Сейтметова подписали меморандум для установления тесных культурных отношений. Кроме того, артисты театра посетили памятник Абаю, установленный в честь 175-летия Абая Кунанбаева в столице Румынии — городе Бухаресте. Это явный признак взаимного уважения между двумя народами.Театральный коллектив, выступивший перед европейской публикой, уже вернулся на родину. Артистов приветствовали коллеги, близкие и журналисты.
 Пресс-служба акима Туркестанской области
КілтсөздерТеатр


ПІКІР ЖАЗУ