Түркістан облысында малдарды дәрілеу кезінде заңбұзушылықтарға жол берілген

0

 ҚазАқпарат — Түркістан облысында ірі қара мен ұсақ малдарды дәрілеу кезінде бірқатар заңбұзушылықтарға жол берілген. Мұндай заңбұзушылықтар облыстық прокуратура тарапынан жүргізілген кезекті тексеріс кезінде анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өңірдің қадағалау органы өкілдерінің сөзінше, Түлкібас, Жетісай, Сайрам аудандарында сатылып кеткен малдарға да екпе егілгендігі жөнінде жалған есептер берілген. Аса жұқпалы ауруларға қарсы екпе егілмеседе, салғандығы жөніде жалған құжат толтырылған. Мәселен, Түлкібас ауданында 9 ауылдық округте тұрғындардың малдары түркеуге алынбай, вакциан салу жұмыстары жүргізілмей келген. «Қазіргі таңда облыс әкімдігіне ұсыныс жолданды. Осы ұсынысқа сәйкес, бірқатар аудандардағы ветеринария қызметкерлер мен мал дәрігерлерінен түсініктемелер алынды. Тексеріс нәтижесімен аудан-қалалардағы ветеринариялық пункттердің меңгерушілері, оның филиал басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады»,- дейді Түркістан облыстық прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Асылбек Тұршаев. Айта кетейік, өңірде қазіргі таңда ірі қараның саны 1 318 014 бас болса, уақ мал саны 5 707 542 басқа жеткен. Ал, жылқы саны 432 289 бас болып отыр.

 

Кілтсөздерзаңбұзушылық


ПІКІР ЖАЗУ