Иранда жыл басынан бері 251 адам сот үкімімен дарға асылды

0
22

 Жыл басынан бері Иранда кемінде 251 адам сот үкімімен дарға асылған. Құқық қорғаушылар мұны «адам өміріне қол сұғу» деп бағалайды. Вашингтонда шоғырланған Иран құқық қорғау ұйымы мен Лондонда орналасқан Amnesty International ұйымының ортақ есебінде дарға асылғандар одан да көп болуы мүмкін екені айтылған. Есепке тек тексерілген ақпараттар ғана енгізілген.

 Есептегі мәлімет бойынша, дарға асылғандардың 146-ы адам өлтіру бабымен айыпталған. Алайда есеп авторлары «Иранда соттардың көп жағдайда әділетсіз әрі біржақты өтетіні құжатпен мойындалған» деп ескертеді. 86 адам есірткі саудасына кінәлі танылып, дарға асылған. Amnesty International өкілі Даяна Эльтахеви 2022 жылдың бірінші жартысында Иранда орташа есеппен күніне бір адам дарға асылғанын айтады. Құқық қорғаушылардың дерегінше, қазір әлемнің 144 елінде өлім жазасы жойылған.



ПІКІР ЖАЗУ