Рим папасы Франциск қыркүйекте Қазақстанға келеді
«Сапар аясында еліміздің жоғары басшылығымен кездеседі, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысады деп жоспарланған», – делінген хабарламада.
Еске салайық, Қазақстан Алтын Орда тарихын жаңғырту үшін Ватикан мұрағатын зерттеуге келісім жасаған еді. Шығыстану институты Ватикан мұрағаттарынан түркі әлемі мен Еуропаның қарым-қатынасы туралы бұрын жарияланбаған латын, ерте герман және скандинав тілдеріндегі дереккөздерді іздестіруді, сондай-ақ Алтын Орда туралы тарихтың шынайы тұстарын жаңғырту үшін мұрағат материалдарын зерттеуді көздеп отыр.