Биыл Түркістан балалар ойнайтын 20 алаңшамен толығады

0

  Шаһар басшысы Нұрбол Тұрашбеков орталықтағы жұмыстар барысын бақылады. Қаланың Яссы секторының І.Қожабаев көшесіндегі және Бірлік секторындағы балалар ойын алаңшаларын көріп, жұмыс сапасын тексерді. Қазіргі таңда қаланың бірнеше аумағында балалар ойын алаңшалары мен стрит воркауттар, шағын ойын алаңшалары салынуда. Жыл басынан бері шаһарда оннан астам балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті жиырмаға жеткізу көзделген. Атап айтқанда, Яссы мөлтек ауданындағы Сақ қорған көшесі, Баянауыл мектеп орны, Керей хан көшесінде, Шауғар мөлтек ауданындағы Ғ.Мұратбаев мектебі мен Абылай хан көшесінде жасақталуда. Сонымен бірге, Кентау тас жолы бойы мен Бекзат секторында да балаларға арналған ойын алаңшалары салынып, тұрғындар игілігіне беріледі.

Дереккөз: Түркістан қаласының әкімдігі



ПІКІР ЖАЗУ