ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ТАҒЫ БІР ЖАҢА ШЕБЕРХАНА АШЫЛДЫ

0
Арыс қаласындағы вагон жөндеу депосы филиалының базасында вагон доңғалақтарын күрделі жөндеуден өткізетін шеберхана ашылды. Сала мамандарының айтуынша, бұл республика бойыша 13-ші, ал оңтүстік өңірде іске қосылған алғашқы жөндеу шеберханасы.
Салтанатты жиынға қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық пен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің «Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі» филиалының директоры Аманкелді Арысбаев, «Қазтеміртранс» АҚ бас инженері Нұрлан Жүсіпов пен өзге де серіктес кәсіпорын басшылары және теміржол саласының майталмандары мен вагон депосының қызметкерлері қатысты.
Қала әкімінің орынбасары Қазақстандағы теміржол саласында Арыс қаласының алар орны ерекше әрі маңызы жоғары екендігін атап өтті. Бүгінде 270 адамды жұмыспен қамтып отырған бұл кәсіпорында жаңа өндірістік цехтың ашылуы нәтижесінде, тағы 25 адам тұрақты жұмысқа орналасады деп жоспарланған.
Жалпы, бұл шеберхана қызметі облыс аумағындағы теміржол саласында ғана емес, республика бойынша сұранысқа ие. «Astana Railways Services» ЖШС-нің бас директоры Бауыржан Мұсағитовтың пікірінше, мұндай кәсіпорынның Арыс қаласында іске қосылуы құптарлық жайт. Өйткені, қазіргі кезде Алматы мен Қызылорда облысының аралығын қамтитын теміржол шаруашылығында мұндай деңгейде қызмет көрсететін кәсіпорын жоқ.
Ал «Astana Railways Services» ЖШС Арыс вагон жөндеу депосы» филиалының директоры Әділхан Ибрагимов болса, шеберхана доңғалақ жұптарын күрделі жөндеуге арналған өндірістік стратегиялық нысан екенін тілге тиек етті.
Оның сөзінше, бұл жерде доңғалақ жұптары ағымдағы, орташа және күрделі жөндеуден өткізіледі. Демек, ендігі жерде вагон паркі иелері доңғалақ жұптары мен вагондарды жөндеу үшін уақыт жоғалтпай әрі қосымша шығындалмай «бір терезе» қағидасымен қызметті тиімді пайдалана алады.
Салтанатты шара аясында кәсіпорын лентасы қиылған соң, қонақтар назарына шеберхананың жұмыс істеу процесі көрсетіліп, вагон жөндеу депосының тыныс-тіршілігі көпшілікке таныстырылды.
Айта кетейік, 600 шаршы метр аумақта орналасқан шеберханада үлкенді-кішілі 7 станок жұмыс істейді. Өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы Жандос Жұмабаевтың айтуынша, вагон жөндеу депосында қазіргі кезде 270 адам еңбек етеді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
____
ТУРКЕСТАН: В АРЫСИ ОТКРЫЛАСЬ ЕЩЕ ОДНА НОВАЯ МАСТЕРСКАЯ
На базе филиала депо по ремонту вагонов города Арыси открыта мастерская по капитальному ремонту вагонных колес. По словам специалистов отрасли, это 13-я по республике и первая ремонтная мастерская в южном регионе.
В торжественной линейке приняли участие заместитель акима города Ергали Куандык и директор филиала «Шымкентское отделение грузовых перевозок» ТОО «КТЖ — Грузовые перевозки» Аманкельды Арысбаев, главный инженер АО «Қазтеміртранс» Нурлан Жусупов, руководители предприятий-партнеров, представители железнодорожной отрасли, работники вагонного депо.
Заместитель акима города отметил, что в железнодорожной отрасли Казахстана Арысь занимает особое и важное место. В результате открытия нового производственного цеха на предприятии, где занято 270 человек, планируется трудоустроить на постоянную работу еще 25 человек.
Деятельность этой мастерской востребована не только в железнодорожной отрасли на территории области, но и в республике. По мнению генерального директора ТОО Astana Railways Services Бауыржана Мусагитова, запуск такого предприятия в Арыси очень кстати, ведь сейчас в железнодорожном хозяйстве, охватывающем Алматинскую и Кызылординскую области, нет предприятий, оказывающих услуги такого уровня.
Директор филиала «Арысское вагоноремонтное депо ТОО Astana Railways Services Адильхан Ибрагимов отметил, что мастерская является стратегическим производственным объектом для капитального ремонта колесных пар. По его словам, здесь проводится текущий, средний и капитальный ремонт колесных пар. Следовательно, теперь владельцы вагонного парка смогут эффективно пользоваться услугой по принципу «одного окна» для ремонта колесных пар и вагонов без потери времени и дополнительных затрат.
В рамках торжественного мероприятия, после разрезания ленты предприятия, вниманию гостей был показан процесс работы в мастерской, а также представлена деятельность вагоноремонтного депо.
Отметим, в мастерской, расположенной на площади 600 квадратных метров, работают 7 станков большой и малой мощности. По словам начальника производственно-технического отдела Жандоса Жумабаева, в вагоноремонтном депо в настоящее время трудятся 270 человек.
Пресс-служба акима Туркестанской области

ПІКІР ЖАЗУ