ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА БАТАГӨЙ ҚАРИЯЛАР САЙЫСТЫ

0
Түркістан облысы, Шардара ауданының қазыналы қариялары бата беруден сайысқа түсті. Шараның басты мақсаты – дәстүрлі баталарды дәріптеу, кейінгі ұрпаққа насихаттап, ежелгі салт-дәстүрді жаңғырту. Ақсақалдар ауданға қарасты барлық ауылдық октургтердің батагөй қариялары қатысқан байқаудың бірінші айналымынан сүрінбей өтіп, ақтық сынға жолдама алған.
Бата сайысы екі кезең бойынша өткізіліп, қорытындысы бойынша Қыстау Ілесов ақсақал «Ең батагөй» қария атынып, бас жүлдені иемденді. I орын Болат Жамалханұлына, II орын Қонарбай Сейдалиев қарияға бұйырды. Ал III орынды Әнуарбек Нысанов ақсақал жеңіп алды.
«Батаменен ел көгерер» атты қариялар арасында бата беруден жарыс «Қасиет» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өтті.
— Біздің қазақ ұлты тегінен сөз қадір біліп, оның құдіретін ұғынған. Аузы дуалы үлкен ақсақалдарға құрмет көрсету арқылы олардың батасын алуға тырысқан. Міне, бүгінгі шарамыздың мақсаты бата беру дәстүрін дәріптей отырып, ұлтымыздың қанына сіңген қасиетті өнерлерімізді жаңғырту. Бүгінгі сайысқа жиналған батагөй ақсақалдарымызға сәттілік тілеймін – деді орталық басшысы Жұмабек Қабылов.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_____
ТУРКЕСТАН: В ШАРДАРЕ СОРЕВНОВАЛИСЬ АКСАКАЛЫ
Старейшины Шардаринского района соревновались в подаче бата — благословений. Главная цель мероприятия — популяризация национальных традиций, пропаганда важности бата и возрождение древних обычаев.
Аксакалы прошли первый тур конкурса, в котором приняли участие пожилые представители всех сельских округов района.
Конкурс «Бата» проводился в два этапа, по его итогам Гран-при получил Кыстау Илесов. Его бата оказалось самым богатым. Первое место досталось Болату Жамалханулы, второе — Конарбаю Сейдалиеву, третье место завоевал аксакал Ануарбек Нысанов.
Соревнования по бата под названием «Батаменен ел көгерер» среди пожилых людей прошли в центре социального обслуживания «Касиет».
— Казахи всегда стремились получить бата у стариков. Цель нашего мероприятия — возрождение этого искусства, прославление традиций благословения. Желаю удачи нашим аксакалам, собравшимся на сегодняшнем конкурсе, — сказал руководитель центра Жумабек Кабылов.
Пресс-служба акима Туркестанской области

ПІКІР ЖАЗУ